Печать

«Дарынды балаларға арналған

БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицей-интернаты» КММ

оқушыларды қабылдау туралы ақпарат

 

«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейіне ниет білдіруші үміткерлер – 6-сыныптың ұл балалары  болып табылады.

Құжаттарды қабылдау рәсімі 2021 жылғы 1 наурыз мен 20 сәуірге дейін онлайн түрде жүзеге асырылады. Үміткердің заңды өкілдері www.bilemtihan.kz сайтындағы онлайн-форманы және конкурсқа қатысу өтінішін толтырады.

Конкурсқа қатысу үшін төмендегі құжаттар талап етіледі:

  1. Үміткердің ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен өтініш
  2. Туу туралы куәлік, ЖСН
  3. Фотосурет 3х4

Құжаттардың түпнұсқалары талап етілмейді. Құжаттардың суреттері сайтқа жүктеледі.

Қабылдау екі кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең: аудандық кезең – 2021 ж 17 сәуір күні, қалалық кезең 24-25 сәуір күндері.

Бірінші кезеңде үміткерлер мына пәндер бойынша емтихан тапсырады:

Математика және логика – 40 сұрақ.

Қазақ тілі – 10 сұрақ.

Қазақстан тарихы – 10 сұрақ. 

Барлығы 60 сұрақ.

Тестілеуге жүз минут беріледі.

Тестілеудің бірінші кезеңінің нәтижелерін қабылдау комиссиясы 2021 жылдың 10 мамыр күні онлайн түрде жариялайды.

Екінші кезеңде де дәл осы пәндерден емтихан алынады. Барлығы 75 сұрақ.

Математика және логика – 55 сұрақ.

Қазақ тілі – 10 сұрақ.

Қазақстан тарихы – 10 сұрақ. 

Тестілеуге жүз отыз минут беріледі.

Өткізілу уақыты: 16 мамыр.

Конкурстың екінші кезеңінің нәтижелері 2021 жылғы 31 мамырда жарияланады. Ата-аналар бірінші және екінші кезең нәтижелерін өздеріне берілген жеке коды бойынша www.bilemtihan.kz сайтынан  көре алады.

Емтихан жұмыстарын ұйымдастыру, тексеру және қорытындысын шығару ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығының екінші бөлімінің 39-шы тармағына сәйкес «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚ қоры белгілеген тәртіппен жүргізіледі.

Байланыс телефоны: 87142550411.

Мекен жайымыз: Қостанай қаласы, Қобыланды батыр 31.

Мектептің сайты: https://kostanaybil.kz

Инстаграм парақшаларымыз: bil.edu.kz, bil.kostanay

файл: aqparat